Жерлестеріміз «Шабыт» халықаралық фестивалінен жеңіспен оралды

489

Сүйінші! Жерлестеріміз «Шабыт» халықаралық фестивалінен жеңіспен оралды. Өңіріміздегі «Оңтүстік-цирк» мекемесінің әртістері 1-орынды иеленіп, облысымыздың абыройын асқақтатты.

Жеңіл атлетшілер, ерлі-зайыпты Кәрина мен Ернұр Оспановтар сайыста шоу-бағдарламасымен көпшілікті таң қалдырған. Осылайша оқ бойы оза шыққан таланттар өңірдің намысын қолдан бермеді.

Айта өтейік, биыл 18-рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан және шетелден 388 үміткер қатысып, бағын сынаған. Олардың өнерін еліміздің және Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресейден келген танымал майталмандар бағалады.

Ернұр Оспанов
Ернұр Оспанов

Ернұр Оспанов, «Шабыт» халықаралық өнер сайысының 1-орын иегері: «Өте қуаныштымыз. Расында 1-орынды жеңіп аламыз деп күткен де жоқ едік. Біздің нөніміріз жарқын әрі костюмдеріміз де ерекше болды. Біздің еңбегімізді бағалағаны үшін қазылар алқасына айтар алғысым шексіз! Ал бізге сенім артқан жерлестерімізге рахмет! Цирк – күрделі әрі жалқаулықты көтермейтін өнер. Сондықтан алдағы уақытта да еңбектеніп, елімізге жеңіс сыйлауымыз үшін халықаралық сайыстарға қатысу жоспарда бар».