Шымкентте ер кісі терең шұңқырға құлап қалды

371

Шымкентте ер кісі терең шұңқырға құлап қалды. Оқиға Қожанов көшесінің бойында болған.

Осында қазылған терең шұңқыр қоршалмаған дейді куәлер. Сол шұңқырға түнгі сағат 3 шамасында ер кісі құлап қалды. Оған құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Шұғыл жасақтың мамандары ер кісіні терең шұңқырдан шығарған соң жедел жәрдем дәрігерлерінің қолына тапсырды. Бригада жәбірленушіні ауруханаға алып кетті.