Құбырдағы ақаудан 17 үйде жылу жоқ

236
жылуға қарызын жинап жүр "3-энергоорталық"

Шымкентте 17 көп қабатты үйде жылу жоқ. Жауаптылар мұны жылу құбырларындағы апаттармен байланыстырады. Қазір мамандар олқылықты қалпына келтіруге кірістік деп отыр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары өзге аумақтарда мұндай түйткілдің жоғын айтады. Айта кетейік, бүгінге дейін орталық жылумен қамту жүйесіне 1782 үй мен 344 әлеуметтік нысан қосылған. Қазір 3-Энергоорталықтан келетін судың температурасы 55 градустан аспайды.