Оңтүстікте жол апатын жасап, қашып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Осы Пассат көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеушілер марқұмдардың Шардара қаласында бара жатқан өнерпаздар екенін анықтады. Ал Камаздың жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Іздестіру нәтижесінде Арыс ауданының полицейлері оны қолға түсірді. Сараптама нәтижесінде 57 жастағы кісінің жол апатын жасаған кезінде орта дәрежелі мас екені анықталып отыр. Қазір қылмысты іс қозғалып, тергеу жалғасуда.
Қазір ғана белгілі болған ақпарат, ауруханаға түскен Фольцваген көлігінің жүргізушісіне операция жасалды. Ордабасы ауданының тұрғынының бауырына дәрігерлер күрделі ота жасаған. Қазір оның халі тұрақты деп баға беріп отыр дәрігерлер. Бұл жігіт Камаз жүк көлігі жаншып кеткен жеңіл көліктің рөлінде болған еді.