Шымкентте үй аулалары мен жертөлелерін егеуқұйрықтардан тазарту, дәрілеу жұмыстары басталды. Залалсыздандыру үшін қала бюджетінен 14 млн теңге бөлінген.
Жоспар бойынша көп қабатты үй аулаларындығы қоқыс алаңдары, өзен-су жағалауы және қатты тұрмыстық қалдық жиналатын полигон дәріленеді. Аталған жұмыстар жалпы көлемі 5 млн шаршы метрден астам жерді қамтымақ. 30-дан астам санитар маман бір ай бойы осы жұмыспен айналысады.
«Бром БД» дәрісі қосылған бидай дәні егеуқұйрық бар деген орындардың барлығына тасталады.
Нұрлан Жаңабай