Жамбылдың үш тұрғыны Шымкентте 15 миллион теңге ұрлаған

149
Жамбылдың үші тұрғыны Шымкентте 15 миллион теңге ұрлаған

Шымкенттік полицейлер аса ірі көлемдегі ұрлықты ашты. Іздеу барысында Жамбыл облысының үш азаматы ұсталды. Олар көлемі 15 млн теңгені құрайтын ұрлық жасапты.

Жамбылдың үші тұрғыны Шымкентте 15 миллион теңге ұрлаған

Мысалы, 16 қараша күні 27 жастағы қыздың Ауди көлігінен 13 миллион теңге ұрланған. Еңбекші ауданының полицейлері жедел топ құрып, бейнебақылау арқылы күдіктілерді қолға түсірген. Олардың екеуі бұрын сотты болған екен. Тергеу барысында ұрылардың көлік иесінің жоғын пайдаланып, ақшаны салоннан қымқырғаны анықталды.

Сондай-ақ, ұсталғандардың тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Күдіктілер осыдан екі ай бұрын Шымкент тұрғынының 5 мың АҚШ долларын ұрлаған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынып, ұрланған ақшаның бір бөлігі қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.