Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай облыстық ішкі істер департаментінің 90-нан астам қызметкері марапатталды. Салтанатты іс-шара департамент ғимаратында өтті.
Жиын ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамет Қасымовтың оңтүстікқазақстандық полицейлерге жолдаған, тұңғыш Президент күнімен құттықтау хатымен ашылды. Құттықтау хатта министр қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ерен еңбектері үшін департаменттің жеке құрамына алғыс білдірген.
Одан кейін департамент бастығы, полиция полковнигі Жанат Сүлейменов кәсіби біліктілігімен танылған 90-нан аса қызметкерді марапаттады. Оның ішінде 19 полицей ішкі істер министрінің арнайы бұйрығымен марапатталып отыр.
Салтанатты жиын облыстық эстрада жұлдыздары мен жас өнерлі полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.