Биылғы желтоқсан айының 25-26 жұлдызында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа жыл қарсаңындағы жәрмеңкеге 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, жалпы құны 96,3 млн теңгені құрайтын 167 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады деп жоспарланып отыр.
Оның ішінде:
— Ет және ет өнімдері — 62 тонна;
— Көкөніс — 57,5 тонна;
— Картоп — 15,5 тонна;
— Сүт өнімдері — 5 тонна;
— Шұбат — 1 тонна;
— Жұмыртқа — 10 мың дана;
— Басқа да өнімдер — 15 тонна;
— Балық — 2 тонна,
— Кептірілген жеміс — 4 тонна.
Бұл тауарлар нарықтағы бағадан 15-20% дейін арзан сатылды деп уәде береді ұйымдастырушылар.
Жәрмеңкенің өтетін орындары:
1) Қажымұқан стадионы;
2) «1000 ұсақ-түйек» базары;
3) «Әсел» базарының алдында.