Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасады

528
Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасады

Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасап отыр. Жергілікті шеберлердің жұмыла жасаған сый-таралғысы көрмеде ұсынылды.

Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасады

Қазима Үмбетәлиева — Түлкібастың тумасы. Қырық жылдан астам өмірін педагогика саласына арнаған зейнеткер қазір үйінде қол қусырып отырған жоқ. Туыс-жекжатпен жұмыла қазақтың қолөнерін дамытып, ұлттық нақыштағы тың туындыларды жасауға көшкен.

Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасады

Қазима Үмбетәлиева, кәсіпкер: «Мен үйдің төріне қойылатын тұмар жасадым. «Береке» деп аталады. Яғни, қара үй. Әрбір шаңырақ үшін бұл бұйымның маңызы зор, баспана береке-баққа толы болады деген мазмұнда. Ал ақ және қара жолақ — өмірдің қос арнасы, қос тарап, қос тағдыр деген сияқты. Ал өзге де әшекейлері бұл өмір ұрпақтармен сабақтасады деген үлкен оймен дайындалды.»

Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасады

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған көрмеде тұрмыстық заттармен қатар, сәндік қолданбалы бұйымдар да бар. Киім-кешек пен ішіктер де ерекше таныстырылды. Мың таспен көмкерілген әшекейлер алыстан-ақ көзге ұрады. Күмістен соғылған сағаттар мен сырғалар да көрменің төрінен орын алды. Ал тұрғындардың қызығушылығы әсіресе ұлттық, заманауи дүниелерге түскенін байқадық.

Кәмила Байзақова, қала тұрғыны: «Дос-жаранмен қыдырып жүр едік, көрмеге бұрылып, қазақтың ұлттық білезік сырғаларынан көз ала алмай қалдық. Әшекейлері өте әдемі екен. Енді жаңа жылдық тарту ретінде құрбыларыма үлестіру үшін сатып алудамын».

Айта өтетін ақпар, мерейтойлық мәдени шараға күнгейлік 40 қолөнер шеберінің еңбектері қойылды. Ал ұйымдастырушы тараптың сөзіне сенсек, арасынан көпшіліктің таңданысын тудырған тың туындылар алдағы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне жолдама алады.