Судьялар тауға шықты

376
Судьялар тауға шықты

Оңтүстік судьялары салауатты өмір салтын ұстануды жалғастыруда. Бұл жолы сот жүйесінің өкілдері тауға шықты. Күзде сот қызметкерлері Шымкенттен Түркістанға велошеру ұйымдастырған болатын. Облысымыздың судьялары бұл жолы Қазығұрт тауының ең биік шыңын бетке алды.

Судьялар тауға шықты

Сот саласының мамандары «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шараны ашық аспан астында, Қазығұрт тауының етігінде өткізді. Мәңгілік туды тау шыңына тіксек деген бұған дейін жопарлары болған екен. Қос мерекеде осы мақсат жүзеге асып отыр.

Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың төрағасы: «Бұл сапарымыз тәуелсіздік және тұңғыш Президент күніне байланысты ұйымдастырылды. Бұқара халықты салауыты өмір салтын насихатау, табиғатқа ерекше көңіл бөлуге үндеу де ойымызда бар.»

Судьялар тауға шықты

Шыңды бағындыруда жас судьялардың белсенділігі жоғары болды. Ал ел ағалары тауға бет алғандарға қолдау көрсетіп, қариялар бата берді.

Нұх пайғамбар кемесі тоқтаған тауға сапар күн көтерілгенде басталды. Қардың қалыңдығы, екпінді желге қарамай судьялар түс ауа белгіленген нүктеге жетті. Алты шақырымды артта қалдырған қатысушылар тау шыңында көк туымызды желбіретті. Патриоттық ән шырқалып, сот төрағасы қатысушыларға алғысын айтты. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыратын, ұлттық рухты көтерген мұндай шаралар алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмайды десті жиналғандар.

Айгүл Керімқұлова