Қожа Ахмет Яссауи кешенесі

Түркістан 2017 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанады. Әзірбайжанның Шеки шаһарында Түрксой тұрақты кеңесінде осындай шешім қабылданды.

Бүгін ақжолтай жаңалықты киелі өңірде тәуелсіздік жылдары атқарылған іс-шараларды баяндаған қала әкімі Әліпбек Өсербаев жеткізді. Айтуынша, осыған орай келер жылы бірқатар шаралар ұйымдастырылып, іске асырылатын болады.

Атап айтқанда, түркі тілдес халықтар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойын мерекелеп, театр фестивалін өткізеді. Кітап жәрмеңкесі мен қолөнер шеберлерінің Орта Азиялық фестивалі мен Ұлы дала дәстүрлі музыкалық фестивалі, сондай-ақ, суретшілер кездесуі сынды ірі мәдени бағдарламалар ұйымдастыру көзделіп отыр.