Оңтүстіктің үздік колледжі анықталды. Жүзден жүйрік атануға ондаған оқу орны таласқан болатын. Солардың арасынан Шымкенттегі аграрлық колледж үздік деп танылды.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты шарада колледж басшылығы грамота табыстады. Аграрлы колледж бүгінгі таңда елдегі ірі орта арнаулы оқу орны саналады.
Оның базасында ауыл шаруашылығын оқып жүрген студенттер үшін ферма да салынған. Шәкірттерін дуальды оқу жүйесімен оқытады.