Шымкентте ғасырдан ұзақ жасаған кейуана тұрады. Гүлчечек әже биыл 110 жасқа келіп отыр. Қария екі ғасырда талай тарихи оқиғалардың куәсі болғанын айтады.
Соғыс жылдары Кавказдан жер аударылып келген әже колхоз председателі Жүніс Оразовтың шаңырағын екі інісімен паналайды. Жеңісті жақындатуда күндіз-түні еңбек етіп, майданға шұлық тоқып жібереді. Кеңес үкіметі кезінде совхозда жұмыс істеп, жары Ирза Ахмедовпен ұл-қыздарын ер жеткізген. Бүгінде әженің үлкен қызының өзі 90 жасқа жуықтап қалды. Соңынан ерген немере-шөбере, шөпшектерінің өзі 100-ге жуықтайды.
Хане Ахмедова, келіні: «Апа осы кезге дейін ауырып көрген жоқ. Дәрі ішпеген. Үш келіні бірге тұрады. Күтімі жақсы. Етті, балықты жақсы көреді. Тынбай кіріп-шығып жұмыс істейтін.»
Абай ауданында 1700-ден астап тыл ардагері, 27 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Аудан әкімі тыл ардагері Гүлчечек әженің туған күнімен құттықтап келіп, сый-сыяпатын көрсетті.
Ахмет Татыбаев, Абай ауданының әкімі: «Ауданда тыл ардагері, зиялы қауым өкілдерін дәстүрлі түрде құттықтап тұрамыз. Ауданда тылдың 1700, Ұлы Отан соғысының 27 ардагері, 3 жесір қалған ана бар.»
110 жылдың қысында туған күнін атап өткен әже еліміздің тыныштығына тәубе етіп, Құдайдан бейбітшілік күнді тілеп, батасын берді.
Айгүл Керімқұлова