ТЖД: «Соңғы кезде 101 нөміріне балалар жиі қоңырау шалуда»

783

Соңғы кездері 101 нөміріне балалар жиі қоңырау шалатын болды. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осылай деп алаңдайды. Айтуларынша, өрт сөндіру қызметіне кішкентайлар көбіне ұялы телефондармен хабарласады.

Әке, шешесін телефонға шақыруды өтініп, кейде тіпті жалған хабарлама жеткізеді дейді дистпетчер қызметкерлері. Күн сайын 700-800 телефон қоңырауын қабылдайтын төтенше жағдай департаментінің кезекшілері хабарламалардың 30 пайызы біздің қызметке қатысы жоқ дейді. Бұл өз кезегінде құтқарушылардың қоңырауларды дер кезінде қабылдай алмай, шұғыл әрекетке кірісуге кері әсерін тигізуде.