Оңтүстіктің полицейлері жыл басынан бері 15 экологиялық қылмысты ашты. Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырған рейдтер кезінде ашылған заң бұзушылықтар арасында заңсыз балық аулау, ағаш кесу мен табиғат қорын өз бетінше пайдалану фактілері бар.
Нақты айтқанда, Ордабасы ауданының 31 жастағы тұрғыны тәртіп сақшыларының қолына тракторымен бірге түсті.
Бұл азамат Келес өзенінің жағалауын рұқсатсыз қазып, құм-тас алып жатқан жерінен ұсталған. Осы секілді қылмыстардың барлығына қатысты іс қозғалды деп сендіреді полицейлер. Заң бұзғандарға кесілген айыппұл көлемі 200 мың теңгеден асады.