«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

576
"Нұр Отан" партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

Оңтүстікте «НұрОтан» партиясының кезектен тыс 31-конференциясы өтті. Саяси жиынның екінші рет өтуіне халық қалаулыларын сайлау мәселесі түрткі болды. Нақты айтқанда №11, 25 және 31 сайлау округтері бойынша шығып қалған облыстық мәслихат депутаттарының орнына үміткерлерді ұсыну мәселесі талқыланды.

Бейбітшілік пен Ғани Іляев көшелері қиылысындағы кептелістің алдын алу мақсатында полиция қозғалысты реттеуде. Ал бұл уақытта «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында кезектен тыс 31-конференциясы өтуде. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы — жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес облыстағы қала, аудандардағы бастауыш партия ұйымдарына жүктелген міндеттер баяндалды.

Зуппархан Чалданов, Ескі Иқандағы бастауыш партия ұйымының төрағасы: «Жолдаудағы агрокешен саласын дамытуға, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған шаралар жайында ауылдағы ағайынды ақпараттандырып, әр тармақ бойынша түсініктеме берудеміз. Бастауыш ұйымдардағы партия мүшелері өз міндетін аса жауапкершілікпен орындаса, жолдаудағы тапсырмалар орындалып, еліміз 30 дамыған озық мемлекеттердің қатарына енеді. Бұл жоспар өміршең.»

Бұл жаңғыру қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан — 2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол «100 нақты қадам» ұлт жоспары негізінде жүзеге асырылады. Негізгі бес басымдық Қазақстанның 30 озық елдің қатарына енуіне жол ашады.

Айгүл Қапбарова, «Панорама Шымкента», «Шымкент келбеті» газеттерінің бас редакторы: «Мен өз басым жолдаудағы төртінші басымдыққа аса көңіл бөлдім. Оны құптаймын да. Өйткені адамның орны бөлек. Адам білікті, жан-жақты болса, жаңа технологияларды да меңгереді. Үш тілді жетік білу де заман талабы. Сондықтан қазірден бастап ата-аналар балаларының оқуға қызығушылығын, тілдерге ынтасын қолдауы тиіс.»

Кезектен тыс 31-партиялық конференция барысында қатарында 110 мың мүшесі бар өңірлік партия ұйымына 462 делегат №11, 25 және 31 сайлау округтерінен шыққан облыс мәслихаты депуаттарының орнына үміткерлерді ұсыну мәселесін талқылап, тиісті қаулы қабылдады.