Оңтүстікте сотталған шетел азаматтары аппеляциялық арыз түсірді

279
Шымкентте Нигерия азаматтары сотталуда

Оңтүстікте сотталған шетел азаматтарының аппеляциялық арызы әлі қаралу үстінде. Нигерия азаматтары Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричук облыстық соттың аппеляциялық алқасына жазаларын жеңілдетуді сұрап, арыз берген еді.

Бұл өтініш ағылшын тілінде жазылғандықтан, қазір мәтіні аударылуда. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Нигерия билігі өз азаматтары жайлы Қазақстанға қандай да бір өтініш немесе хат жазбаған.

Еске салайық, қаңтар айында Әл Фараби аудандық сот қара нәсілді екі азаматты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Нигериялықтар Шымкентте қара түсті долларды ағартып береміз деп, жергілікті кәсіпкерді алдамақ болған. Айта кетейік, рақымшылық заңына байланысты бұл азаматтардың нақты жазасы 3 жыл 9 айға дейін қысқартылған.