Шымкентте жолаушылар автобусы ғимаратты соқты. №103 бағыттағы автобус Түркістан көшесіндегі ғимаратқа келіп соққан. Абырой болғанда көліктің ішінде адамдар болмаған.
Жүргізушінің айтуынша, ол бағытта жүрген кезінде автобусының пеші бұзылғанын байқайды. Содан, бір аялдамада жолаушыларды түсіріп, жөндеуге бет алады.
Кенет, автобустың тежегіші де істен шыққанын байқады. Содан жолдағы көліктердің ешқайсысын соқпау үшін жолдың шетіндегі ғимаратқа соғып, тоқтауға шешім қабылдайды.
Еске салайық, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы қоғамдық көлік жұмысын сынға алған болатын.