2017 жыл «ҚазТранс Ойл» акционерлік қоғамына — 20 жыл. Осыған орай компания ұжымы өңірде «20 игі іс шара» акциясын бастап кетті. Компания өкілдері Наурыз мерекесі қарсаңында Нұрсәт шағынауданында 400 түп ағаш екті.
Нұрсәт шағынауданындағы бұл аллея «ҚазТрнасОйл» компаниясының 20 жылдық мерейтойына орай ашылды. Сондықтан, компания өкілдері Наурыз мерекесінде гүлзарға арнайы келіп, ағаш екті. Осылайша жаңадан бой көтерген көп қабатты үйлердің маңын жасыл желекке айналдырмақ.
Дархан Сатыбалды, облыс әкімінің орынбасары: «Қаланың көркеюіне үлес қосып жатқаны үшін компанияға облыс басшылығы атынан алғыс айтамыз. Шымкент жасыл желекке айналады деген үміттеміз.»
Мұнан бөлек жақын арада алея маңында көгал өсіріледі. «ҚазТрансОйл» компаниясы ұйымдастырып жатқан мұндай акция республикадағы барлық қала мен облыстарда өткізілмек. Игі бастаманың алғаш болып аталған компанияның Оңтүстіктегі қызметкерлері бастап отыр.
Бекайдар Маренов, «ҚазТрансОйл» АҚ СФ басшысы: «Ағаш егу эстафедасын алғаш болып біз бастадық. Біз бүгін қалаға 300 түптен аса ағаш отырғыздық. Игі іс-шараға компанияның барлық ұжымы атсалысуда. Мұндай ағаш егу жұмыстары Оңтүстікте басталғаны үшін біз қуаныштымыз. Және де мұндай игі істер көбей берсін берсін дейміз.»
Нұрсәт шағынауданында жылдан жылға көп қабатты тұрғын үйлердің саны артып келеді. Тиісінше, аудандағы тұрғындардың саны да біршама артқан. Мұндағы көгалдандыру жұмыстары жергілікті халықтың көңіліне қуаныш сыйлауда.
Фарида Ашимова: «Қаланың азаматы ретінде бұл көгалдандыру жұмыстарына қуаныштымын. Алғыс айтамын. Мереке қарсаңында қуанып отырмыз. Оңтүстік жұртын мерекемен құтықтаймын!»
Айта кетейік, ағаш егу жұмыстары «ҚазТрансОйл» ұжымының 20 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылған. Бұл іс-шара «Компанияның 20 жылдығына – 20 игі іс» шаралар жоспарына арнайы еніп отыр. «ҚазТрансОйл» компаниясының ұжымы мұнан бөлек жоғары оқу орнының студенттері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектеспек.