Шымкентте 80 гүлзардың құрылысын жүргізуге жер көлемі анықталды

282

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 16 сессиясында «Шымкент қаласын көгалдандыру жұмыстары және экоологиялық мәселелерді реттеу» мәселесі қаралған болатын.

Шаһарда бұл бағытта атқарылып жатқан  жұмыстар жайлы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов  баяндаған еді.

Көгалдандыру алаңы әр адамға шаққанда 10 шаршы метр болуы тиіс. Яғни, қала халқының санын есептеген 1120 га қамтамасыз ету қажет.  Стандарттарға қол жеткізу мақсатында қалалық  жайлы ортаны дамыту басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде қала аумағында 70 га-да  80 гүлзардың құрылысн жүргізу  үшін жерлер анықталып, сәулет, қала құрылысы  және жер қатынастары басқармасымен қаланың бас жоспарының  түзетуіне енгізілді.

Қаланың «Шымсити» шағынауданына аумағы 40 га болатын саябағы, «Тұран» шағынауданында 37 гектар, «Сәуле» шағынауданында 2,5 га саябақтың жобалық-сметалық құжаттары құрылыс басқармасымен әзірленуде.

Еңбекші ауданында 12 шағынауданда аумағы 1,6 га болатын саябақтың құрылысы жүргізілуде. Ол нысандар ағымдағы жылдың қыркүйегінде пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың бас жоспарында жаңадан құрылатын шағын аудандарында  саябақ, гүлзарлар салу  қаралған.

Қала аумағындағы 160 га жуық шатқалдарды көгалдандыру қаланың бас жоспарына енгізілді. Бюджет қаражатынсыз жеке инвесторлар мен қаладағы барлық шатқалдарды мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында дамыту жоспарлануда. Себебі, мемлекеттік сатып алу шарттарының қысқа мерзімділігі жұмыстарды сапалы орындауға мүмкіндік бермейді.

Биылғы жылы күзде ағаш егу маусымында  саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстауға, көгалдандырып көркейту мақсатында  жаңадан 4 мың дана ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Биыл көктем айларында қала аумағында 21 мың 400 ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде  дендросаябағы аумағында 5250 ағаш көшеті, «Жасыл белдеу» мекмесімен 5 000, Әл-Фараби аудананда-1мың, Абай ауданы аумағында 4 960 тұп ағаш көшеті, Еңбекші ауданында 2200, Қаратау ауданы аумағында 3 мың 45 ағаш көшеті отырғызылды.

Шынар Оразова