Оңтүстікте сотталған Нигериялық екі азаматтың ісіне байланысты апелляциялық сот отырысы өтті. Естеріңізге салсақ, облыстық сот Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричук есімді шетелдік азаматтарды бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.
Соңынан айыпталушылар соттың аппеляциялық алқасына жазаларын жеңілдетуді сұрап, арыз жазған. Нәтижесінде, арыз иелеріне рақымшылық жасалып, жаза мерзімі 5 жылдан 3 жыл 9 айға қысқартылған еді. Шетелдіктер мұнымен қанағат тұтпай, облыстық соттың апелляциялық алқасына қайта арыз түсіріп, өздерін бостандыққа жіберулерін өтініпті.
Дегенмен, кінәлі деп танылған нигериялықтардың өтініштері толық қанағаттандырылмады. Тек оларға берілген бас бостандығынан айыру мерзімі екі айға қысқартылып отыр.