Оңтүстікте 11 мыңнан астам адам кәсіптік білім алады

310
Оңтүстікте 11 мыңнан астам адам кәсіптік білім алады

Оңтүстік Қазақстанда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 11437 адам техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бурханов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыстағы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарламаға қатысушы 4584 азамат ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету мен білім беру мамандықтары бойынша білім алады. Ал жұмысшы 6853 кадр қысқа мерзімді  кәсіптік оқуға жолданатын болады.

Баспасөз мәслихатында ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына тоқталған басқарма басшысы биыл жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған кешенді тестілеуге өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Яғни, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлегі жоғарғы оқу орнындағы мәндес мамандығына түсетін болса, ол 2 пән бойынша ғана тест тапсырады. Онда барлығы 60 тапсырма және тестілеу уақыты 1 сағат 40 минут. Ең жоғары балл — 70, шекті деңгей 35 балдан кем болмауы тиіс.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі