Жастар тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылады

88

2025 жылға қарай жастардың 100% сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталғанын айтты.

Ол құжат әзірлеу барысында қоғам өкілдерімен, білім саласындағы сарапшылармен талқыланып, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталғанын атап өтті.

 Мөлдір Ибадуллаева