Шымкенттің шаруашылық бөлімі биыл төрт негізгі бағытта жұмыс атқарады. Оның ең бастысы — тазалық және шаһарды абаттандыру. Келе жатқан көктемде атқарылатын жұмыстарды қала әкімі нақтылап берді. Бірінші кезекте қаладағы иригациялық жүйелерді ретке келтіруі тиіс дейді әкім. Мамандар жаяу жүргіншілер жолын жақсартып, веложолдарды да естен шығармауы тиіс. Әсіресе жасыл желекті күтіп-ұстауға көберек көңіл бөлінеді.
Шымкенте қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысының 20 минут бойы жасаған баяндамасы қала әкімінің көңілінен шықпады. Шаһар басшысының қарамағындағы қызметкерінен күткені — нақты ұсыныс еді. Өкінішке қарай, шұбаланған цифрлардан өзге жаңалық айтылмады.
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Талғат, сен бізге нақты ұсынысыңды айтшы, қаланы қалай таза ұстаймыз? Сен айтпасаң, мен айтайын.»
Енді қаланың шаруашылық бөлімі осы бағыт бойынша жұмыс атқаруы тиіс. Ал қаланың тазалығына міндетті мекемелердің жауапкершілігін арттыру қажет. Себебі мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары кейде өз міндеттерін соңына дейін атқармайтын жайттар кездеседі дейді сала мамандары.
Ғалым Сайдубеков, «ЛТД тұрмыс» ЖШС директоры: «…тендерді жеңіп алып, жұмысты істей алмай тастап кетеді. Амалсыз біз жалғастырамыз…
Қала әкімі орынбасарларына осы мәселені ауқымды қарап, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ететін жолдарын қарастыруға тапсырма берді.
Нұрлан Жаңабай