Шымкентте балабақша тәрбиелеушілері сынға түсті. Тәлімгерлердің «Мектепке дейінгі ұйымның таңдаулы тәрбиешісі» атты қалалық конкурсына мектепке дейінгі ұйымдардан 50 қызметкер қатысқан. Солардың арасынан 10 тәрбиелеуші іріктеліп алынып, ақтық сында облыстық байқауға жолдама алу үшін өзара бақ сынасты. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкенттегі балабақша саны 300-ден асып жығылады. Сәбидің қалыптасуында өзіндік орны болғандықтан, тәлімгерлер де біліктілігі мен білімін үнемі шыңдап отыруы тиіс дейді конкурс ұйымдастырушылары.