Оқу-ағарту министрлігі: балабақша тәрбиешілері тек үш құжат толтырады

167

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтері тек үш құжат толтыруы керек. Бұл туралы «Желіге шолу» айдарында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты.

Айзат Байдарбекова есімді оқырман желіде: «Балабақша тәрбиешілері қандай құжаттарды толтыруы керек?», — деп сұрапты.

​«Министрлік тәрбиешілердің жұмысын едәуір жеңілдететін бұйрықты бекітті. Онда мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі тәрбиешілер мен мұғалімдер толтыратын үш негізгі құжат анықталған. Бұл перспективалық жоспар, циклограмма және баланың жеке даму жоспары. Аттестаттау кезінде басқа құжаттар қаралмайды», — деді «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова.