Шымкентте қала жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Биыл төрт аудан бойынша ойылған асфальтты жамау үшін бюджетен 300 млн теңгеден астам қаражат қаралыпты. Төрт аудан бойынша екі мердігер жұмыс жасап жатыр. Жауапты мамандардың айтуларынша, қала орталығындағы шұңқырларды жамау сәуір айына дейін аяқталады.
Шымкент жолдарының қаншалықты бұзылғанын мердігерлер әлі толық зерделеуден өткізбепті. Сондықтан, алдағы жұмыс көлемін дөп басып айта алмайды. Бір белгілісі сол — биылғы жұмыстың ауқымы өткен жылғыдан екі-үш есе артық. Себебі «Лидер НК» мекемесі өткен жылы да осы ағымдағы жөндеуді іске асырыпты.
«Біз былтыр да осы жұмыста жасадық. Күн жылына іске кірістік. Үш бригада тынбай шұңқырларды жамап жатыр. Сәуірдің аяғына дейін жұмыстың басым бөлігін аяқтаймыз.ә
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары да биылғы бұзылған жолдардың ауқымы өткен жылдағыдан әлдеқайда ауқымды екенін біледі. Десе де жұмыс қажетіне сай қосымша қаражат қаралады дейді. Себебі биылға бөлінген қаржының көлімі де өткен жылдағыдан кем.
Асылбек Баймұрзаев: «Өткен жылы 324 млн теңге бөлінген. Ал биыл 304 млн теңге бөлінді. Егер қаражат жетпесе, қосымша ұсыныс береміз.»
Мердігерлерге қойылған басты талап — асфальт төсеуге дайындалған шұңқырлар дер кезінде жабылуы тиіс. Және қаланың орталық көшелеріндегі жұмыс бірінші кезекте атқарылады. Мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпазы атанған екі мекеме осы талапты орындауға уәделерін беріп отыр.
Нұрлан Жаңабай