Шымкентте

Таяу болашақта Шымкенттің көркінде едәуір өзгеріс болғалы тұр. Бұл туралы арнайы жиын өтізген қала әкімі хабарлады. Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, үйлерінің біразы тозуға айналған Көксай шағынауданының үйлері сүріліп, иелеріне жаңа пәтерлер беріледі. Бұған қоса қалада «Шаңырақ» бағдарламасы қолға алынбақ.

Құтқарушылар жыл сайын жергілікті тұрғындарды сақтыққа, оның ішінде баспана салғанда құрылыстың ережесін құнттауға шақырып-ақ келеді. Бірақ, ескеріп жатқандар аз. Егер нөсер жауын немесе қатты жел соқса, үй тұрмақ адамның өміріне де қауіп төндіреді. Таяуда ғана Мықтыбаевтар жанұясы да осындай жағдайдан жапа шегіп, бір түннің ішінде басындағы баспанасынан айырылып қалды.

Сараптамада анықталғандай, үй саз-балшықтан соғылған. Қабырғасы мен іргетасы бекем емес, қаусағаны белгілі болды. Жауыннан соңғы жағдайдан соң әбүйір болғанда отбасы дін-аман. Бұл аудандағы құрылыстың ережесін құнттамаған жалғыз жанұя емес. Осы мәселені ескерген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды.

Шымкенттегі Көксай-2 және Көксай-3 шағынаудандарындағы үйлерді жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Қазір тұрғылықты баспана қоры 174 мың шаршы метрді құрап отыр. Ал көнерген яғни сүрлеу керек делінгені, құрылысты қажетсінгендері 14 860 шаршы метрге жеткен. Ал тарихшылар мен тұрғындар бұл бастаманы құп көреді. Айтуларынша, олар жергілікті биліктен мұндағы жылдар бойы өрібген жабайы сауданы жоюды сұрап келді.

Шымкенттегі ескі қалашықтың аумағы тазаланып, шағын құрылыс базарлары мен заңсыз бутиктер сүріліп тасталынады. Сауда нысандарының басшыларымен кездескен Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осыдай деді. Ескі қалашық аталып кеткен қаланың тарихи бөлігінде сүрілетін нысандар жалпы аумағы 6,7 га болатын 103 жер учаскесіне жайғасқан. Бұл мәселе осымен 10 жыл бойы талқыланып келген болатын. Көшуге дайындалыңыздар, бұл аумақты осылай қалдыра алмаймыз, тазалық жұмыстары көктемде және жазда жүреді деді әкім.

Мөлдір Бекеева