Шымкентте үлкендерден адасып қалған бүлдіршін табылды. Төрт жасар қыз қоғамдық көлікте жалғыз кетіп бара жатып, Жангелдин көшесіндегі аялдамадан түсіп қалған. Оны байқаған қала тұрғыны да сол көліктен түсіп қалып, бүлдіршінді күтіп алады.
Содан кейін тез арада полицияға хабар берген. Бүлдіршінді дін-аман тәртіп сақшыларына тапсырған Ольга есімді шымкенттік азаматша болып шықты. Аяна есімді бүлдіршін анасының Астанада жұмыс істейтінін, өзі апасымен тұратынын айтқан.
Осы оқиғаға байланысты Әл Фараби ауданының полицейлері жас қызды танитын қала тұрғындарынан көмек сұраған еді. Көп ұзамай Аянаның апасы да қызын іздеп, тәртіп сақшыларына хабарласқан. Осылайша, абырой болғанда, апасы мен қызы аман-есен қауышты деп хабарлады полицейлер.