«Зейнетақы қорындағы жинағымды қалай аламын?»

822

Зейнетақы төлеу бойынша редакциямызға келіп түскен сауалдарға «ААҮ» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары Несібелі Қаражанова жауап берді.

C: Зейнетке шығуға қажетті құжаттарды ресімдеу оңай емес. Зейнетке шығатын мерзім жақындағанда ең алдымен қандай мәселелерге мән берген жөн?

Ж: Расында, көп уақытты қажет ететін құжаттар болады. Олар жасына байланысты жәрдемақылары, көп балалы аналардың балаларының құжаттары. Мәселен, әр баласының туу туралы куәлігі, олардың 18 жасқа дейінгі өмір сүргендігін дәлелдейтін жеке куәліктері. Не болмаса еңбек кітапшасында КСРО уақытында жұмыс істеген кезіндегі ескі мөрлер кездеседі. Оны растау-да мұрағаттан анықтама сұратылады. Сондықтан зейнетке шығуға 6 айға қалғанда әрекет жасаса да артық етпейді. Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе біздің мекемеге келіп, жинақтауға қажетті құжаттар тізімін, балаларына қатысты қандай мәліметтер керек екенін, алған білімі, ер адамдар КСРО кезінде әскерде қызмет етсе, растайтын дәлел қағаздары. Міне, осылардың барлығын алдын ала дайындай берген жақсы. Тіпті, еңбек кітапшасындағы аты-жөнінде кеткен қателіктер де азаматтарға кедергі келтіретінін күнделікті көріп жүрміз. Кейде растайтын анықтама болмағанында сот шешіміне жүгінетін жағдайлар бар.

С: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жиналған қаржыны қолма-қол қай кезде алуға болады?

Ж: 4 санаттағы азаматтарға жиналған ақша беріледі.
Олар:
– еркектер 63 жасқа, ал әйелдер – 58 жасқа толғанда;
– егер мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда бірінші және екінші топ мүгедектеріне;
– мезгілсіз қайтыс болғандарға;
– Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қордан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Дайындаған: Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ