Баспана бағасы тағы қымбаттайды ма?

228

Зейнетақы қорындағы қаржыны «Отбасы банкіне»  аудару, баспана бағасын тағы қымбаттатып жіберуі мүмкін.Баспана Сарапшылар осындай болжам жасап жатыр. Баға қазір де көтеріліп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше,  шаршы метр құны өткен  қараша айында 1,1 пайызға өскен. Ал жаңа үйлердің бағасы 0,6  пайызға  көтерілді. Шаршы метр үшін орташа баға 355 мың. Жылжымайтын мүлікті жалдау ақысы да 1,3 пайызға өсіп отыр.

Ал жыл басынан бергі көрсеткішті айтсақ, жаңа үй 11,5%; қолданыста болғандар 23%; жалдау ақысы 13 пайызға  көтерілген.

Шынар Оразова