Úı Jańalyqtar Жыл басынан тұрғындар зейнетақы қорынан 64 млрд теңге алған

Жыл басынан тұрғындар зейнетақы қорынан 64 млрд теңге алған

Ағымдағы жылы  тұрғындар зейнетақы қорынан 64 млрд теңге алды.

Демек, қордың активтері де азайды. Алайда былтырға қарағанда салымшылардың қорға аударымы 28 пайызға өскен. Азаматтар үй алып, емделуге және ақшаны инвестициялық басқаруға беру үшін шекті мөлшерден асқан артық соманы пайдаланды. Зейнет жасына шыққандарға 26 млрд теңге, шетелге қоныс аударғандарға 12 млрд теңге қайтарылған.

Қазір қордағы активтер 13 трлн теңгеге жуық. Негізгі үлесі Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына тиесілі. Оның құны наурызда 66 млрд теңгеге өскен.

Шынар Оразова