Шымкентте жүйке жүйесі аурулары диспансерінде өрт шықты

530

Шымкентте жүйке жүйесі аурулары диспансерінде өрт шықты. Осындағы наркологиялық аурухана ғимараты түс кезінде отқа орынады. Қызыл жалынның қатты болғаны соншалық, 13 өрт сөндіру техникасы мен 150 құтқарушы әрең дегенде сөндірген.

Түскі сағат 11:45 шамасында шыққан өрт лезде тұтанған. Күннің ыстығынан облыстық наркологиялық аурухананың аумағын әп-сәтте қара түтін басты. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын мекемеге қарасты архив бөлімінен шыққан. Оқиға орнына дабыл бойынша 13 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 150-ден астам қызметкері келді. Олардың бірінде су таусылып, осы диспансердегі су көзін пайдалануға тура келді.

Оқиға орнына келген құтқарушылар тілсіз жаудан 20 адамды оқшаулап, қауіпсіз жерге көшірген. Абырой болғанда оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметі бойынша, өрт кезінде мұрағат бөліміндегі құжаттарға зақым келмеген.

Лаура Нахыпқызы