«Түркістан — ер түріктің бесігі». Күнгейде жазба ақындардың жыр-мүшәйрасы өтті. Жас қаламгерлердің жарысы бұл жолы халықаралық Түркісой ұйымының 10 жылдық меретойы құрметіне арналған.
Ұйымдастырушы тарап- облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мамандарының мәліметінше, қатысушылар екі кезең аясында өлең оқиды. Бірінші — тақырыпқа сай киелі шаһар Түркістан тақырыбы, ал екіншісі — халқымыздың дәстүр -жоралғысын немесе еркін тақырыпты қамтуы тиіс.
Талантты жастардың поэзиядағы қалам алысын белгілі ақындар Қабылбек Төретай, Нармахан Бегалы мен Сабырбек Нұрманұлы бағалауда. Айта өтейік, осынау сайыста Түркістанның тарихы мен биылғы тойды 18 бірдей ақын жырларына арқау етуде. Ал мүшәйра кешкі сағат 19:00-де мәресіне жетеді. Жеңімпаздар қаржылай сый-тартумен марапатталады.
Мөлдір Бекеева