ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті

447
ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті. Қонақтардың арасында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглы, «Башқұртстан қызы» журналының редакторы Гүлназ Кутуева, «Әзірбайжан» журналының редакторы Судаба Агабалаева, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы, «Қазығұрт.kz» журналының бас редакторы Мархабат Байғұт және т.б. 19 елден 10-ға жуық әдебиет және мәдениет қайраткерлері бар.

ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті

Кездесуде сөз алған облыс әкімі Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII конгресінің табысты өтуімен құттықтады.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. Яғни, біз ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер арасында ынтымақ-бірлігімізді арттырып қана қоймай, мәдени және экономикалық, туристік тұрғыда соны серпін аларымыз, сергек тартарымыз сөзсіз. Кешегі өткен жиында салиқалы сөздер, ұтымды ұсыныстар айтылып, орнықты ойлар ортаға салынды деп ойлаймын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті

Кездесуде сөз алған қонақтар Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII конгресінде айтылған ұсыныстар мен қозғалған пікірлер түркі тілдес халықтардың ортақ тарихын интеграциялауға зор ықпалын тигізеді деген сенім білдірді.

ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті

– Түркістан қаласында керемет басқосу өтті. Жиында Түркі дүниесіне ортақ дүниелер ортаға салынды. Соның бірі ретінде Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі талқыланды. Латын әліпбиіне көшу – сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам деп білемін. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр, – деді Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглы.

ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті

Кездесу барысында қонақтар латын тіліне көшу мәселесі туралы ойларын ортаға салып, өз ана тілдерінде бір-бір шумақтан өлең оқып берді. Өңір басшысы қонақтарға ризашылығын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев