Жарылғыш «зат» кірпіш болып шықты

324
Жарылғыш "зат" кірпіш болып шықты

5 мамыр түнде Шымкентте бір көшенің қозғалысына шектеу қойылды. Полицияға 102 нөмірі бойынша Теріскей шағын ауданындағы сауда үйінің алдына бомба қойылған деген хабарлама түскен. Оқиға орнына лезде жеткен полицейлер күдікті аумақты бірден оқшаулап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Күдікті зат ретінде сауда үйінің алдынан қара пакет алынды. Дегенмен, оның ішін тексере келе құтқарушылар қауіпті жарылыс затын таппады.

Осылайша бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Ал құтқарушылар жарылғыш затты тексереміз деп біраз әбігерге түсті. Айта кетейік, тура осыдан бір апта бұрын 102 желісіне Нұрсат шағынауданында белгісіз біреу көшенің ортасына жарылғыш зат тастап кетті деген ақпарат түскен болатын. Алайда, бұл ақпарат та расталмаған еді.