Шымкенттіктерді күдік тудырған «қара сөмке» аяғынан тік тұрғызды

668

Шымкенттіктерді күдік тудырған «қара сөмке» аяғынан тік тұрғызды. Орталық саябақта қараусыз жатқан қара сөмкені көрген тұрғындар полицейлерге хабар беріп, көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары қауіпті деп танылған аумақты қоршап, өрт сөндіру қызметі мен «Жедел жәрдем» мамандарын шақыртқан.

Қара сөмкені тексерген саперлар қауіпті затты таппады. «Қауіпті» деген зат жай ғана қара сөмкедегі ер адамның киім-кешектері болып шықты.

ІІД баспасөз қызметі тұрғындарды аяғынан тік тұрғызған қара сөмке туралы ақпаратты растады. Айтуларынша саябақ маңындағы полиция бекетіне қауіпті қара сөмке туралы хабар берілген. Мұны естіген сол маңдағы тәртіп сақшылары жедел тергеу тобын шақырып, қауіпті аумақты оқшаулап тексеру жұмыстарын жүргізген.