Жас режиссерлар конкурсы басталды

422
Жас режиссерлар конкурсы басталды

Бас жүлде — 500 мың теңге! Бұл сыйлық Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған үздік қысқаметражды фильм түсірген режиссерге берілмек. Бұл туралы баспасөз-мәжілісінде ресми жарияланды.

Байқауға қатысу үшін өңіріміздің 14 пен 29 жас аралығындағы режиссерлары 11 мамыр мен 11 маусым аралығында өтінім білдіріп, сценарийлерін ұсыну керек. Байқауға кино-видео саласында тәжірибесі бар азаматтар ғана қатыса алады, сондай-ақ жас мамандары бар киностудиялардың да бағын сынауға мүмкіндіктері бар.

Фильм 20 минуттан аспауы тиіс және әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, туризм, патриотизм, спорт, отбасы құндылықтары, жемқорлыққа қарсы, мотивациялық бағыт пен әлеуметтік тақырып деп аталатын 8 бағыттан тұрады. Жеңімпаздарды осы саланың үздіктері анықтайтын болады. Байқау қатысушылары бейнефильмді өз есебінен түсіреді. Дегенмен, ұйымдастырушылар техника, дыбыс жазу студиясы, редакторлық, режиссерлық көмек көрсетуге дайынбыз дейді.

Әлия Әділбек