Жат ағыммен ақпараттық күрес те заманауи болуы тиіс

626
Жат ағыммен ақпараттық күрес те заманауи болуы тиіс

Соңғы кезде Қазақстанда 300-ге жуық сайт жабылған. Олар теріс діни ағымдарды насихаттаумен айналысқан дейді жауаптылар. Бұл теріс діни ағым өкілдері қазіргі заманауи технологияларды кеңінен пайдаланатынының бір көрінісі. Ендеше, бұл ағымдармен ақпараттық күрес те заманауи болуы керек. Шымкентте өткен кезекті семинардың тақырыбы да осы болатын.

Теріс діни ағымның жетегіне ілескен адам ата-ана, туған-туыс, дос-жараннан безінеді. Бар байланысын үзіп, өзіне орта жасап алады. Құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметкерлері қатысқан семинарда ата жолынан безінген перзент пен теріс діни ағымнан опық жеген келіншектің оқиғасы сахналанды. Білікті мамандар осылайша теріс діни ағымдармен ақпараттық күрес жүргізудің тиімді жолдарын үйретуге тырысыдуа.

Айта кетейік, мұндай семинар бұған дейін діни бірлестік өкілдері мен мектеп мұғалімдері үшін де өткізілген еді. Осылайша теріс ағымдармен күрес қоғам болып қолға алынбақ.

Жәнібек Нұрыш