Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің бастауында жаңа шағынаудан салынады. Қала әкімінің баспасөз қызметі бүгін осылай деп хабарлады. Өзен маңайындағы ескі үйлерді бұзып, осы ауданды көркейтуге қатысты «Жаңарту» бағдарламасы қабылданып отыр.
Құрылыс 2018 жылы басталмақ. Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі — 29 гектар. Осылайша Қошқар ата өзенінің оң жағалауындағы 460 нысан сүрілмек. Соның ішінде 420 жекеменшік үй бар. Сәулетшілердің жоспарынша, бұл нысандар сүрілген соң орнына 9 және 12 қабатты 61 үй, балабақша салынады.
Ал мұндағы мектеп ғимараты кеңейтіліп, танымастай өзгереді дейді жауаптылар. Коммерциялық нысандар да салынбақ, дегенмен, халықтың мазасын алмауы тиіс. Олар әдеттегі тыныш шағынаудандардағы секілді нысандар болмақ.