Бас прокуратураның арнайы тобы ауыл-аймақты аралап жүр

372
Бас прокуратураның арнайы тобы ауыл-аймақты аралап жүр

Талдау жасап, нақты көмек көрсету. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының мақсаты осындай. Бас прокуратуралдан келген делегаттар бірнеше мобильді топқа бөлініп, ауыл-аймақты аралауда. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келгендерге қол ұшын созуда. Бұл тұста алғашқы нәтиже де жоқ емес.

Сарыағаштықтар бас прокуратураның мұндай бастамасын бірі үрке қабылдаса, көбісі қамқорлыққа қуанып отыр. Кәмелетке жасы толмағандармен тікелей жұмыс жасайтын әдіскер Әлия Монтаева бұл жаңалықты ести сала қамқорлыққа зәру жасөспірімдердің құжаттарын құшақтай келіпті.

Бас прокуратураджан келген бастамашыл топ жұмыстың қауырт екенін айтады. Алғашқы күннен бастап-ақ жұмыстан бас көтере алмайсың дейді олар. Педагог-психологтар әйелдер мен жастарға отбасылық құндылықтар, зорлық-зомбылықтан қорғану сынды тақырыптарда семинар-тренингтер өткізуде.

Бұл пилоттық жоба бойынша жұмыс Оңтүстіктің басқа да өңірлерінде жүргізілетін болады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған делегация мүшелері жобаның нәтижесі азаматтардың құқықтық қорғалуын арттырады деп сенеді.

Жанар Есенбекова