Дендросаябақтағы қылқын жапырақты көшеттер қурай бастады

1056
Дендросаябақтағы қылқын жапырақты көшеттер қурай бастады

Шымкенттегі дендрологиялық саябақтағы қылқын жапырақты көшеттер қурай бастады. Еске салар болсақ, ерте көктемде аумағы 117 гектар алқаптың ортасындағы көл жағалауы жабайы қарағаштардан тазартылып, Шығыс Қазақстанан 1000 дана, бағасы қымбат қылқан жапырақты көшеттер жеткізіліп, егілген болатын.

Арада өткен аз уақыттың ішінде бұл жап-жасыл көшеттердің біразы қурап тұр. Сала мамандарының айтуынша, олар жерсінбеген. Сондай-ақ, осындағы ғылыми-зерттеу институты мамандарының айтуынша, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып алғандардың әкелген көшеттері үлкен және сапасыз болды дейді. Енді көңіл жұбатарлық бір ғана мәселе — мердігерлер қураған көшеттердің 30 пайызын күзде қайта егіп береді екен. Ал қалғанының тағдыры не болмақ — ол сұрақтың басы ашық қалды.

Дендросаябақтағы қылқын жапырақты көшеттер қурай бастады

Сала мамандарының айтуынша, дендросаябаққа егілген көшеттер жерсінбеген. Сондай-ақ, осындағы ғылыми зерттеу институты мамандарының сөзіне сенсек, мемлекетік сатып алу конкурсын ұтып алғандардың әкелген көшеттері үлкен және сапасыз болды дейді. Сонда бұл саябақтың мамандары сапасыз көшеттерді қабылдап алғанда қайда қараған деген сауал өзінен-өзі туындайды. Бір мың дана көшетті сақтай алмаған мамандардан не сұрауға болады?

Енді мұнда көңіл жұбатарлық бір ғана мәселе — күз айында мердігерлер қураған көшеттердің 30 пайызын қайта егіп береді екен. Ал қалғанының тағдыры не болады деген сұрақтың беті ашық қалды. Бұл кадрлар ерте көктемде өзен жағалауы тазаланып, жап-жасыл көшеттердің отырғызылып жатқан сәті. Тіпті ересек ағаштарды бір жерден екінші жерге ауыстыратын арнайы техника да алынған еді. Бірақ, нәтиже жоқ. Ол бір десеңіз, осы саябақта күндіз-түні гүлді баптап, суарып жүрген жұмысшылар қажетті шлангының жоғын айтып ашынуда.

Есесіне көктем айында уралап жүріп егілген Шатқалдағы ағаштар енді аптап ыстықта шөлдемейтін болды. Мұнда бағдарлама бойынша сай-салаға егіліп, соы уақытқа дейін аман қалған талдарды суаратын жүйе жүргізіліп жатыр. Осы ағаштарды егіп, суару қажеттігі «Шатқал» бағдарламасы қабылданған сол кезде бірден ешкімнің ойына келмегені қызық. Дегенмен, ештен кеш жақсы деген осы болар, сірә. Енді мұнда бюджеттен 267 млн теңге бөлініп, үш ұңғыма қазылатын болды.

Дендросаябақтағы қылқын жапырақты көшеттер қурай бастады

Айта кетейік, Оңтүстіктегі «Шатқал» бағдарламасының негізі 2017 жылдың қаңтар айында қаланды. Жыл басында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа демалыс орнының капсуласы салынды. Тассай тұрғын үй алабының жанындағы баққа «Шымсая» деген атау берілді. 25 гектар алқапқа мың түп ағаш егілді. Жалпы, «Шатқал» бағдарламасы аясында 16 мың гектардан астам алқапты құрайтын қаланың жасыл белдеуін қалыптастыруды жоспарлап отырмыз деген еді сол кезде Жансейіт Қансейітұлы.

Еліміздегі тың жобалардың бірі болып табылатын бұл бағдарламаның басты мақсаты — қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Биыл бірінші кезеңдік жұмыстар шеңберінде қолға алынатын 5 шатқалдың біреуі бюджет қаржысы есебінен көгалдандырылса, қалғаны демеушілер есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Нұрлан Күдерұлы