Күнгейде «Туған жер» жобасы жүзеге асты

532

Биыл Оңтүстік өңірінің құрылғанына — 85 жыл. Тарихи датаның құрметіне орай өңіріміздегі өлкетану мұражайы жаңа жобаны қолға алды. «Туған жер» атты бастама аясында мектеп оқушылары «Музейдегі 1 күн» акциясына қатыса алады.

Алғашқы күннің өзінде жүздеген шәкірт мәдени ошаққа арнайы бұрылды. Қазақ елінің тарихы мен бүгінгі жетістіктері баяндалған бейнефильмді тамашалады. Онда облысымыздың атауы мен тұрғындардың төл тұрмысы да көрініс тапқан. Жоба қатысушылары яғни оқушылар көрген-білген мәліметтері мен туған өлкесіне деген құрмет-махаббатты суретке сыйғызып, мұражай алдында бейнелерді бедерледі.

Гүлмира Лазар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы: «Ұлттық құндылықтардың қадіріне жетіп,  патриоттық сезімдерін ояту үшін балаларға анимациялық фильмдерді ұсынып жатырмыз. Шығармада қазақ батырларының ерліктері баяндалады. Сондай-ақ, мұражайға таңертеңнен кешке дейін 1000-ға тарта мектеп оқушысы келіп, іс-шараға атсалысады деген жоспар бар».