Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

531

«Ылдиға жол тоқтаусыз, бір тыныспен». Күнгейдің бас театры — Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры осындай тақырыптағы қойылыммен  83-маусымын қорытындылады. Жол бойындағы оқыс оқиға арқылы талай тағдырды таныстырған премьералық спектакльді біз де тамашалап қайттық.

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады
Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Оқыс оқиға. Адамдардың парасаты мен пайымы. Жантүршігерлік қатігездік мен риясыз махаббаттың мекені. Залдағы көрермен қоғамдағы сан қилы тағдырдың куәгері болды.

Қойылымда әлеуметтік жағдайы жоғары, қалтасы қалың, бірақ ұрпақ жалғасы — перзентке зәру жанұяның жәйі де көрініс тапты. Мансап қуып, тұрмысқа кеш шыққан келіншек амалы таусылған соң адам жалдайды. Иә, бейтаныс әйелді көндіріп, өз күйеуінен бала сүймек болды. Ойлағаны жүзеге асып, босануға ай-күні жақындағанда екеуі де жол апатына тап болды.

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Ақмарал Маханова, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі: «Егер шынайы өмірде менде бала болмаса, мен әйел жалдар едім. Рас, бала сүю үшін бәріне барасың ғой. Ал бірақ көлік апаты болып қалған жағдайда, көліктегі адамды тастап кетіп, жаңағы әйелге соншама қаталдық танытпас едім».

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Қойылым желісі бойынша, бір емес, ондаған тағдыр осы бір жолдың бойында тоғысады. Барлығы да бірінен соң бірі жолай бір адамды қағып, қылмыс жасап, оқиға орнынан ізін суытты. Жо-жоқ, адам емес, соңында көпшілікке кезіккен кейіпкердің періште екені анық болды. Ал автор Олег Богаевтың осынау «Ылдиға жол тоқтаусыз, бір тыныспен» атты спектаклін сахналау үшін өнер ұжымы көкшетаулық қоюшы-режиссер Болат Әбдірахмановты арнайы шақыртыпты.

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады
Болат Әбдірахманов.

Болат Әбдірахманов, қоюшы-режиссер:»Бұл спектакльде  актерлар басқаша ойнайды. Өйкені, бұл еңбек классика емес, мұнда өмірде адам қандай болса, рөлге де солай енеді. Шынайылық басым! Сөздері де кәнігі қоғамдағы қолданыстағы сөз тіркестері екенін ерекше атап өткім келеді. Менің ойымша, театр — айна болғандықтан, шынайылықтан шошудың еш қажеті жоқ».Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры дәл осы жолдағы қайғылы жағдай баяндалатын еңбекпен 83-ші маусымын қорытындылады. Ал театр басшылығының айтуынша, жылдың жетістігі бұл ғана емес.

Назарбек Үсіпахметов, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры директорының орынбасары: «Биыл біздің ұжым Ж.Шаниннің 125 жылдығы құрметіне орай қолға алынған фестивальге қатыстық. Жүлделі 3-орынды жеңіп алдық. Енді осы жетістікпен шектелмейміз, алда «Expo-2017″ халықаралық көрмесіне барып, төрткүл дүниенің назарына тұщымды қойылымымызды ұсынып, тарту етеміз».

Күнгейдің бас театры 83-маусымын қорытындылады

Айта өтейік, бүгінде 84 жылдық тарихы бар театрда 146 адам қызмет етеді. Оның 46-сы – шығармашылық ұжым. Ал айтулы премьеарлық еңбекке өнер ұжымының 30 әртісі жұмылдырылып отыр.