Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа басқарма құрылады

352
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа басқарма құрылады

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа басқарма құрылады. Пилотоық жобаның құрылымы «Отбасы және жасөспірімдер ісі жөніндегі басқарма» деп аталмақ. Бұл құрылымда, аты айтып тұрғандай, отбасы және жасөспірімдерге қатысты проблемалар талқыланады.

Бұл туралы Қазақстанның бас прокурорының аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова мәлімдеді. Облыс прокуратурасында Оңтүстіктің белсенді қыз-келіншектерімен кездескен құзырлы орган өкілі мәселенің мән-жайын егжей-тегжей баяндады. Айтуынша, бас прокуратураның таңдауы Оңтүстікке түсіп отырғаны тегін емес.

Себебі, біріншіден, біздің облыс – халқы ең тығыз орналасқан аймақ. Екіншіден, күнгейдегі қыз-келіншектердің көбісі отбасында зорлық-зомбылық бола қалса, оны ашып айта алмайды. Осы тұста айта кетейік, былтыр өңірімізде әйелдерге қатысты 13 мыңға жуық күш көрсету әрекеті тіркелген екен. Ал биылғы 5 айдың өзінде осындай 4230 факті тіркелген.