23 маусым — Қазақстан полициясы күні. Биыл Қазақ полициясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай облыстық филармония ғимаратында мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері адал еңбек, мінсіз қызметі үшін мерекелік медальдармен, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хатымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс прокуратурасы мен сот қызметінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен бірге осы салаға өмірін арнаған 35 ардагерге құрмет көрсетілді. Үздік деп танылғандардың қызметтік шені жоғарылатылды. Жалпы, облыс аумағында стратегиялық маңызды 67 нысанның күзетінде 970 полиция қызметкері қырағылық танытуда.
Қазақстанның тәртіп сақшылары арасында полиция династиялары көп. Ардагер Әбдібек Берік Серікұлының отбасы түгел полиция қызметкері. Қиындығы мен жауапкершілігі мол міндетті атқару жолында мамандығыңды сүюің керек дейді ардагер.
Жанар Есенбекова