Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

717
Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

23 маусым – Қазақстан полициясының күні. Биыл Қазақ полициясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Даңқ мемориалы жанында өткен тәртіп сақшыларының төл мерекесіне басқа да құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, құттықтау сөздерін арнады.

Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

Оңтүстік полицейлері төл мерекесін толымды табыстармен қарсы алды. Мәңгілік от алауында салтанатты сап түзеген жиынға ең үздік тәртіп сақшылары бас қосты. Мінсіз қызмет, адал еңбек үшін үздіктеріне құрмет грамоталары тапсырылып, мерекелік медальдар кеуделеріне тағылды. Сөйтіп 1500-нан аса полицей алғыс арқалап, мерекеде марапатталды.

Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанын қиып, құрбан болған полицейлердің есімдері де бұл күні естен шыққан жоқ. Қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция каптианы Тайыр Шералиевтің әкесі Бақытжан мырза перзентінің әріптестеріне құттықтау тілегін арнады.

Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

Қазақстан полициясының 25 жылдығы құрметіне арналған іс шаралар облыстың барлық аудан-қалаларында аталып өтілді. Мәселен, Сайрам ауданында екі бірдей полиция бекеті ашылса, Ордабасы ауданында 26 полиция қызметкері мерекелік медальдармен марапатталды.

Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

«Қазақстан полициясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен күнгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де марапатталды. Осылайша тәртіп сақшыларының жұмысының насихатталуына үлкен үлес қосып жүрген тілшілердің еңбегі еленді. «Отырар» медиахолдингінің бас директоры Валентина Куликова мен «Рабат» газетінің тілшісі Данил Шемратов та мерекелік төсбелгіге ие болды.

Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

Айта кетейік, тәуліктің 24 сағатында «Отырар» телеарнасы мен «Отырар.kz» порталы, «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің редакциясы полиция қызметімен бірігіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жайындағы материалдарды, жаңалықтарды халыққа бірінші боп жеткізіп келеді.

Полиция күнінде Оңтүстіктің 1500 тәртіп сақшысы марапатталды

Жанар Есенбекова