Шымкентте көше бойындағы қабырғалар нығайтылуда

298
Шымкентте көше бойындағы қабырғалар нығайтылуда

Қала басшылары шаһар көшелеріндегі өткелдердің тірек қабырғаларын таспен безендіруді биыл қайта жалғастырыпты. Естеріңізде болса, өткен жылы Төреқұлов көшесіндегі қабырға таспен қапталған еді. Ал биылғы жұмыс жоспар бойынша Адырбеков көшесімен Қырғы базар маңында, сондай ақ, 16-шы және 4-ші шағынаудандарда жүргізілуде.

Бірнеше жыл бойы тұрған бұл сұр түсті қабырға қазір құйылған қызыл кірпіштермен қапталып жатыр. Жұмысты мердігерлер мамыр айының соңында бастаған. Өкініштісі сол, тап өткен жылғының кейпін киіп созылатын түрі бар.

Шымкентте көше бойындағы қабырғалар нығайтылуда

Эдуард Артметов, «Жаңа арқа» ЖШС шебері: «Биіктігі 2 метрден асады, ұзындығы — 120. Жұмысты бастағанымызға біраз болды. Ауа райының өзгеруі де өз әсерін тигізіп жатыр, дауылдан жол белгілері құлап қалды.»

Қаладағы осы секілді құрылысты шаһар басшылары өткен жылы бастағаны есімізде. Төреқұлов көшесіндегі қабырғаны тұрғызу оңай болмады. Құрылысы бірнеше айға созылып, көлік жүргізушілерінің жүріп-тұруын қиындатқаны, ақыры әупірімдеп жүріп аяқталғаны көпшіліктің есенен кете қоймады.

Міне осындай құрылыс үшін қала қоржынынан 32 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды да салқын түскенше аяқтаймыз деп сендіреді шенділер.

Нұрлан Жаңабай