Шымкентте полицейлер марапатталды

463
Шымкентте полицейлер марапатталды

22 маусым күні облыстық опера және балет театрында ішкі істер органының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шымкентте полицейлер марапатталды

 

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев құқық және заңды қорғаудағы әр полиция қызметкерінің еңбегін атап өтті. Жыл басынан бері тіркелген құқық бұзушылық санының төмендегенін айтты. Осы тұста қалада болып жатқан қылмыстың ашылуы арта түскенін жеткізді. Шаһардағы полицейлерге көрсеткен қолдауы үшін Шымкент әкімдігіне алғыс айтты.

Шымкентте полицейлер марапатталды

Мысалы, 2014 жылы қала аумағында полицияның бар болғаны 29 учаскелік пункті болса, қазір олардың саны — 68. Яғни, жаңа 39 учаскелік пункт бюджет қаржысына салынған.

Шымкентте полицейлер марапатталды

Егер бұрын қала аумағына 17 ғана стационар бекет болса, алдағы уақытта осында 10 бекетті салу жоспарлануда. 2015 жылы жол полицейлерінің қызметінде бар болғаны 5 эвакуатор болса, 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен тағы 5 эвакуатор мен 30 Киа Серато көлігін сатып алуға қаржы бөлінді.

Шымкентте полицейлер марапатталды

2015 жылы Шымкентте 242 бейнебақылау камерасы орнатылса, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға тағы 237 бейнекамера орнатылды. 2014 жылы қаланың ең ірі көше қиылыстарында 11 интеллектуалды бейне-бақылау камерасы орнатылды. 2016 жылы 10 қиылысқа осында 115 қондырғы орнатылған.

Шымкентте полицейлер марапатталды

Соның нәтижесінде 2017 жылдың 5 айында жол-көлік оқиғасының саны 50,4%-ға кеміді. Жол апатында қаза тапқандар саны азайып, жарақат алғандар саны 46 пайызға азайды.

Бұл күні өзінің қызметтік міндетін атқару кезінде опат болған полицейлердің әрқайсысының есімі еске алдынды. Марқұмдардың туыстарына сыйлықтар тапсырылды.

Шымкентте полицейлер марапатталды

Еске салайық, 1992 жылдың 23 маусымы күні «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған болатын. Ал 2007 жылдың 23 маусымынан бастап полиция күні ретінде ресми аталып өте бастады.