Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

1194
Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектерге және жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетіледі. Айта кету керек, Шымкент әкімдігіне қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» 2011 жылдың ақпанында құрылған болатын.

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

2106 жылы мекеме Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» болып қайта құрылды. Осыдан кейін орталықта халыққа бұрынғыдан да кең ауқымда қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Яғни, үйге барып әлеуметтік қызмет көрсетуден күндізгі стационарға дейін қамтылды.

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, орталық қызметін 700 адам пайдаланады.

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Олар:
1) Жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы бар балалар — 16 адам;
2) Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балалар — 148 адам;
3) Жүйке жүйесі-неврологиялық ауруы бар, жасы 18-ден асқан мүгедек жандар — 63 адам;
4) І және ІІ топтағы мүгедектер — 57 адам;
5) Жасы толуына байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын жандар — 416 адам.

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Айта кетейік, орталықта педиатр, терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед, орта дәрежелі медицина персеналы, тәрбиешілер, дефектологтар, әдіскер, логопед және психолог сынды білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға (жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы бар, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға) медициналық және педагогикалық қызмет көрсетеді.

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Орталықта Монтессори кабинеті де жасақталған. Ол балалардың ақыл-ой мүмкіндігін ашып, дамытуға арналған. Ал сенсорлы кабинетте психиологиялық жұмыс жүргізіп қана қоймай, балалардың ұсақ моторикасын дамытуға болады.

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету орталығы ашылды

— Осы қызметтерді алу үшін осы орталыққа әлеуметтік-психологиялық сараптама комиссиясы (ВТЭК) берген жеке оңалту бағдарламасын ұсыну жеткілікті. Бұл құжатта мүгедек жанға қажетті оңалту әрекетінің барлығы — күндізгі стационар, емдік физкультура, ем алу мерзімі, қажетті гигиеналық құралдар көрсетілген. Бізде көрсетілмейтін жалғыз қызмет — бұл стационарда толығымен қалу. Ол облыстық орталықта көрсетіледі. Біз тек күндізгі стационарды немесе үйге барып әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсына аламыз. Күндізгі стационар 32 төсек-орынға шақталған, — деді қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.